Текст
"Дара тұлға" жобасы аясында еркін форматта ұйымдастырылған іс-шараның құрметті қонағы мектебіміздің физика, математика пәнінің мұғалімі Топанова Агиян Каратаевна болды. Оқушылармен керемет кездесу, сырлы сұқбат өтті. Кездесуге қатысушылар өз ойлары мен сұрақтарын ортаға салып, өнерлі оқушылар күй орындап кездесудің көркін қыздырды.