"Қауіпсіздік сабақтары" өткізілуде
«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2024-2025 оқу жылынан бастап "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, әрбір апталық тәрбие сағатында 10-минуттық "Қауіпсіздік сабағы" өтілуде. Қазіргі кезде Заң талаптарын сақтай отырып, әрбір бала сауатты бола білу керек. Сонымен бірге қоғамда нашақорлық, лудомания вандализм, буллинг, зорлық-зомбылық сияқты жағымсыз әрекеттер белең алуда. Осыны болдырмау, алдын алу мақсатында әрбір баланың өмірі маңызды. Әр сыныптың өз деңгейіне қарай, 10-минуттық қауіпсіздік сабағы жүргізілуде. Атап айтсақ: " Төтенше қызмет нөмірлері", Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері", Қақтығыс соңындағы жауапкершілік ",Қалай алаяқтардың тұзағына түспеуге болады?", Буллингті болдырмау т.б тақырыбында әңгіме жүргізілуде...