Бозайғыр ауылы ЖОББ мектебінде мектептің өзін-өзі басқару органының (Мектеп Парламенті) кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа мектеп әкімшілігі, тәрбие меңгерушісі, фракция жетекшілері мен Парламент мүшелері қатысты.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
– жаңа сайланған мектеп президентінің жылдық жұмыс жоспарын бекіту;
– фракциялар арасындағы міндеттерді бөлу;
– мектептегі тәрбие, тәртіп және қоғамдық іс-шараларға қатысты ұсыныстарды талқылау;
– оқушылардың бастамалары мен шығармашылық жобаларын қолдау.
Жиын барысында қатысушылар мектеп өмірін жақсартуға бағытталған өз ұсыныстарын ортаға салып, алдағы оқу кезеңіне арналған нақты жоспарларды белгіледі. Сондай-ақ, мектеп Парламентінің жұмысын жандандыру, оқушылар белсенділігін арттыру және мектеп қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелері қозғалды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданып, жауапты мүшелерге тиісті тапсырмалар жүктелді.

