



Бүгін мектеп асханасында бракераждық комиссияның жоспарлы тексерісі жүргізілді. Комиссия мүшелері дайындалған тағамдардың сапасын, дәмін, санитарлық талаптарға сәйкестігін және менюдегі өзгерістерді қарап, бағалады. Балалар аз тұтынатын тағамдар менюден алынып, олардың орнына сұранысқа ие, пайдалы әрі дәмді тағамдар енгізілді. Арендатор ИП «Утопергенова» барлық тағамдардың асханада тікелей дайындалатынын, қажетті техника мен жабдықтардың толық екенін атап өтті. Сондай-ақ бұрынғы ұсыныстарға сәйкес кейбір тағамдардың бағасы төмендетілген. Комиссия мүшелері тағамдарды татып көріп, сапасының жақсы екенін атап өтті. СанПиН талаптары орындалуда, температуралық режим тексерілді. Мектеп асханасында балалардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануы тұрақты бақылауда!