12.01.2026 саптық түзеу

 

Мектебімізде кезекті саптық түзеу өтті.
Саптық түзеу барысында оқу үлгерімімен, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, түрлі білім, спорт және шығармашылық бағыттағы сайыстарда жоғары жетістікке жеткен оқушылар марапатталды.

Сонымен қатар, оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабаққа кешікпеу, мектеп формасын сақтау, үзіліс кезіндегі қауіпсіздік талаптарын орындау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шара оқушылардың жауапкершілігін арттырып, тәртіп пен білімге деген ынтасын күшейтуге бағытталды.