Текст
Құрметті ата-аналар, оқушылар және мектеп қауымдастығы!
2025–2026 оқу жылында Бозайғыр ауылы ЖОББ мектебінде бірыңғай мектеп формасы ресми түрде енгізілді. Бұл шешім оқушылардың сыртқы келбетіндегі бірізділікті қамтамасыз ету, ұқыптылық мәдениетін қалыптастыру және оқу ордасындағы тәртіп пен тәрбиені күшейту мақсатында қабылданды.
Барлық оқушылар 2025–2026 оқу жылын жаңа талапқа сәйкес бірыңғай формада бастауға міндетті.
Құрметті ата-аналар, бізбен бірлесе отырып, оқушылардың мектеп формасын сақтап, ұқыпты әрі жинақы көрінуіне қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.




