«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Бозайгыр отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024-2025 оқу жылына бос немесе уақытша бос жұмыс орындарына конкурс

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» № 57 бұйрығына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемедегі (әрі қарай - КММ) бос педагогтік лауазымдарға конкурс жариялайды:

КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021606, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылы, Бейбітшілік көшесі 5А.

Телефон: 8(716 31) 25-6-69

Электрондық пошта: akm_elizavetinka@mail.ru

  1. «Ағылшын тілі» пәні мұғалімі – 1 ставка

  2. "Орыс тілі мен әдебиеті" пәні мұғалімі - 2 ставка

  3. "Педагог-психолог" - 2 ставка

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат; және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды конкурс жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

     10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

 
Жаңартылған күні: 03.09.2024 17:24
Құрылған күні: 03.09.2024 17:28

Текст