«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Бозайгыр отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының ережесі 2025-2026 оқу жылы

«МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ» ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты
«Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 
Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам балалар мен жастардың құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру мәселесін белсенді түрде көтеруде. Осыған байланысты Қазақстандағы мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашылықпен, бастамашылдықпен әрекет ете алатын, өзіне және қоғамға пайда келтіре алатын, еркін және жауапты тұлға тәрбиелеу міндеті тұр.
 
Жаһандық сын-қатерлер мен тәуекелдер кезеңінде өмір сүріп жатқан жас буын жоғары белсенділігімен және қызығушылықтарының алуан түрлілігімен сипатталады. Сол себепті мемлекет пен азаматтық қоғам күшінің бірігуі арқылы шынайы бірыңғай балалар-жастар қозғалысын құру – жаңа уақыттың мемлекеттік стратегиясы.
 
Қазақстан Республикасының балалар-жасөспірімдер және жастар қоғамдық қозғалысы шеңберіндегі механизм ретінде білім беру ұйымдарында оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту Концепциясына сәйкес мектеп парламенттері түріндегі бірыңғай құрылымдық модель ұсынылады. Парламентте оқушылар бірлесіп жұмыс істеуді үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы серіктестерге айналады. Парламент – бұл білім беру ұйымын басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қатысудың бір нысаны.
 
1. Жалпы ережелер
1. Осы мектеп парламенттерінің қызметі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) мектеп парламентінің мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын, қалыптастыру және қызметін ұйымдастыру тәртібін, құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
2. Мектеп Парламенті – балалар мен жастардың маңызды мәселелерін шешуге, әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларын қолдауға бағытталған бастамашыл, дербес және жауапты қоғамдық өзін-өзі басқару нысаны.
3. Мектептің өзін-өзі басқару органы – мектеп Парламенті (бұдан әрі – Парламент) білім алушылардың бастамасымен олардың мүдделерін білдіру үшін тұрақты әрекет ететін үйлестіруші орган ретінде құрылады және осы Ережеге сәйкес жұмыс істейді.
4. Әрбір білім алушы Парламент активіне сайлауға және сайлануға құқылы.
5. Парламенттің қызметі мен шешімдері білім беру ұйымының барлық оқушыларына қатысты.
6. Парламенттің жоғарғы органы – фракция жетекшілерінің жалпы жиналысы.
7. Парламент өз қызметінде ҚР Конституциясын, «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарын, Бала құқықтары туралы Конвенцияны, мектеп жарғысын, осы Ережені және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
 
2. Парламенттің мақсаты мен міндеттері
 
Парламенттің мақсаты:
Балалардың және жастардың табысты әлеуметтенуіне, тиімді өзін-өзі жүзеге асыруына, сондай-ақ білім алушылардың туындайтын мәселелерді өз бетімен шешу мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасау.
 
Парламенттің міндеттері:
1. Білім алушылардың шығармашылық белсенділігі мен өздігінен әрекет етуін жүзеге асыру.
2. Білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, соның ішінде олардың білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да мәселелерін шешуге атсалысу.
3. Білім беру ұйымы басшылығына оқу, ғылыми, тәрбие және бос уақытты ұйымдастыру мәселелерінде көмек көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау.
4. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларды қолдау.
5. Мектептің рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынасты қалыптастыру, білім алушылардың саналығын арттыру, білімге деген талапшылдығын дамыту, мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
6. Білім алушыларды мектеп қызметі туралы ақпараттандыру.
7. Қазақстан қоғамының стратегиялық ресурсы ретінде балалар мен жастар туралы қоғамдық пікірді қалыптастыруға қатысу.
8. Қоғамдық маңызы бар балалар мен жастар бастамаларын іске асыруға жәрдемдесу.
9. Аймақтың және мектептің ерекшеліктерін ескере отырып басқа да міндеттерді орындау.
 
3. Мектеп Парламентінің функциялары
 
Мектеп Парламенті:
1. Мектепті басқару органдарында оқушылардың позициясын таныстырады, тәрбие және оқу процесін жетілдіруге ұсыныстар әзірлейді.
2. Оқушылардың сабақтан тыс бастамаларының жүзеге асуына жәрдемдеседі: олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерттеп, жүзеге асыруға жағдай жасайды.
3. Мектеп мәселелерін шешуде, оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуде қатысады, оқушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстарды ұйымдастырады.
4. Парламент жұмысына мектептің өзін-өзі басқару жөніндегі үйлестірушісі – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары көмек көрсетеді.
5. Үйлестіруші Парламенттің толық құрамының мүшесі болып табылады және шешуші дауыс құқығына ие.
 
4. Парламенттің құрылымы
 
– Парламенттің жетекшісі – Президент, ол білім алушылар мен педагогтардың қатысуымен өткізілетін сайлау арқылы таңдалады.
– Президент пен Парламент мүшелері бір оқу жылына сайланады.
– Парламент Президенттен, оның орынбасарларынан және фракция мүшелерінен тұрады.
– Қажет жағдайда Парламент құрамына қосымша оқушылар қабылдануы мүмкін.
– Фракция мүшелері сынып және топ жиналыстарында сайланады.
 
Парламент 8 фракциядан тұрады:
1. Құқық және тәртіп фракциясы
2. Ақпарат фракциясы
3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы
4. Өзін-өзі тану және бақыт (психология) фракциясы
5. Қамқорлық фракциясы (волонтерлік)
6. Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық)
7. Пікірсайыс қозғалысы фракциясы
8. Экология және еңбек фракциясы
 
Парламенттің жоғарғы органы – фракция жетекшілерінің жалпы жиналысы.
 
5. Парламент қызметін ұйымдастыру
 
Мектеп Парламентінің қызметін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары үйлестіреді және барлық міндеттердің орындалуына жауапты болады.
 
Президент:
1. Парламент жұмысына басшылық етеді және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты.
2. Өз орынбасарлары мен фракция жетекшілері арасында міндеттерді бөледі және олардың қызметін үйлестіреді.
3. Өз өкілеттілігі шеңберінде білім беру ұйымы басшылығының құқықтарын пайдаланады.
4. Парламент қызметін жоспарлауды мектептің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді.
5. Жыл соңында жалпы мектеп жиналысында атқарылған жұмыстар бойынша есеп береді.
6. Білім беру ұйымының алқалы органдарына қатысады.
7. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатады.
 
6. Парламенттің құқықтары мен міндеттері
 
Парламенттің құқықтары:
1. Білім алушылардың мүдделеріне қатысты ережелер мен жоспарларды әзірлеуге қатысу.
2. Тәртіптік мәселелерді қарастыруға қатысу.
3. Үлгерім, шығармашылық және қоғамдық белсенділік бойынша марапаттау жүйесін әзірлеуге атсалысу.
4. Оқушылардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру.
5. Құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін заңды наразылық нысандарын қолдануға.
6. Мектептің тәрбие және бос уақыт іс-шараларын жоспарлау, өткізу және талдауға қатысу.
7. Мектепте құрылған клубтар жұмысына қатысу.
8. Оқушылар арасында сауалнамалар жүргізу.
9. Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
 
Парламенттің міндеттері:
1. Білім алушылардың саналығын, білімге деген жауапкершілігін арттыру, мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу, оқу тәртібі мен құқықтық тәртіпті нығайту.
2. Мектеп Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін орындауды қамтамасыз ету.
3. Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда мектеп басшылығына жәрдемдесу.
4. Қарауына түскен өтініштерді уақытылы қарау.
5. Парламент жоспарына сәйкес жыл бойы жұмыс жүргізу.
6. Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдау.
7. Білім алушылардың оқуына, тынығуына, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қолайлы орта қалыптастыру.
8. Білім алушылардың мүдделерін мектеп басшылығы мен басқа ұйымдар алдында қорғау.
9. Мектеп басшылығын өз қызметі туралы ақпараттандыру.
10. Парламент мүшелері оқу мен еңбекте үлгі болуға міндетті.
11. Мектеп беделін көтеруге үлес қосу.
12. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Парламент қызметін жариялау.
 
7. Мектеп өзін-өзі басқаруын қалыптастыру тәртібі
1. Мектеп Парламенті бір оқу жылына сайлау арқылы құрылады.
2. Парламент құрамына 5–11 сынып оқушылары сынып ұжымдарының делегаты ретінде енгізіледі.
3. Парламент Президенті жасырын тікелей дауыс беру арқылы сайланады.
4. Парламент өз қызметін жоғарыда аталған 8 фракция арқылы жүзеге асырады.
5. Парламент отырыстары айына бір рет өткізіледі (қажет жағдайда жиірек).
6. Парламент мұғалімдер мен ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
 
8. Парламентті құру және дамыту қағидаттары
1. Парламенттің барлық органдары білім алушылар, мұғалімдер және ата-аналар тарапынан сайланады.
2. Парламенттің дамуын педагогикалық басшылық қамтамасыз етеді.
3. Парламент жұмысының ашықтығы және жариялылығы.
4. Мектеп өміріне қатысты мәселелерді талқылауда пікір алмасу және сын айту еркіндігі.
5. Парламент мүшелерінің жүйелі түрде жаңартылып отыруы.
6. Әр оқушыға адамгершілікпен қарау, оқушы мүдделерін басымдыққа алу.
 
9. Парламент қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері
1. Оқушылардың оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және басқаруға қатысуы.
2. Оқушылардың ұжымды ұйымдастыра білу қабілеті.
3. Бірлескен мақсаттарға қол жеткізуге жауапкершілік сезімі.
4. Анализ жасап, келешек жоспар құра білу.
5. Өзін-өзі басқару органдары жұмысына қатысу мотивациясы.
6. Өзін-өзі басқару көшбасшыларының құндылық бағдарлары.
7. Өзін-өзі басқаруға қатысушы балалардың жалпы мәдениеті және қарым-қатынас мәдениеті деңгейі.

Текст