«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Бозайгыр отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп президентін сайлау - 2025!


17 қазан күні мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп президентін сайлау өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту, жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу болды.
Сайлауға мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы және жоғары мектеп оқушылары белсене қатысты. Үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған идеяларын ұсынды.
Сайлау барысы ашық әрі әділ түрде өтті. Әрбір оқушы дауыс беру арқылы өз таңдауы мен көзқарасын білдіруге мүмкіндік алды. Бұл шара оқушылардың белсенділігін арттырып, мектеп ұжымында демократиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етті. 

Сайлау қорытындысы бойынша мектеп президенті болып 10 "А" сынып оқушысы Амирова Аяулым сайланды.

 


Текст