2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа оқушылар қабылдау туралы хабарландыру

2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа оқушылар қабылдау туралы хабарландыру

Құрметті ата-аналар!

Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа оқушылар қабылдау басталғанын хабарлайды. Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 шілде мен 31 тамыз аралығында электрондық үкіметтің eGov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Өтініш беру үшін төмендегі құжаттар қажет:

* ата-ананың (заңды өкілдің) өтініші;
* № 065/у нысанындағы медициналық анықтама;
* баланың денсаулық паспорты № 052-2/у нысаны;
* 3×4 көлеміндегі 2 дана фотосурет.

1-сыныпқа ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толған немесе жыл соңына дейін 6 жасқа толатын балалар қабылданады.

Өтінішті беру тәртібі туралы толық ақпарат төмендегі сілтемелерде берілген:
https://youtu.be/r6rVyvHYySg

Қосымша ақпарат алу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.

Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың жарқын болашағына бірге қадам басайық! Мектебіміздің 1-сынып оқушылары қатарынан көретінімізге қуаныштымыз!