«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Бозайгыр отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылыны жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2022 жылғы қызметі туралы есебі

27.02.2023

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылыны жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2022 жылғы қызметі туралы есебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру - бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5.  мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылыны жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

       Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- электронды (ішінара автоматтындырылған), қағаз түрде.

       2022 жылы 61 -қызмет көрсетілді, оның ішінді 60 -  ақпараттық жүйе арқылы, 1- қағаз түрде көрсетілді.

  2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау».

  Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

   Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- электронды (ішінара автоматтындырылған/қағаз түрде көрсетіледі.

   2022 жылы –1 қызмет  Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы көрсетілді.

 3. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»

       Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- электронды (ішінара автоматтындырылған), қағаз түрде.

       2022 жылы 59-қызмет көрсетілді, оның ішінді 52 қызмет ақпараттық жүйе арқылы, 7 қызмет  – мемлекеттік мекеме арқылы қағаз түрінде  көрсетілді.

4. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».

   Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

   Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған).

          2022 жылы  1  қызмет -«еs.iac.kz»  ақпараттық жүйесі  арқылы түскен.

Байланыс ақпараты:

      Бозайғыр ауылы Бейбітшілік көшесі 5А, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылыны жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, телефон нөмірлері: 8 (71631) 25-6-69, электрондық мекенжайы: akm_elizavetinka@mail.ru

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады..

Мектеп директорының м.а                                                    Сулекеева А.К.

Просмотров: 3977


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст